KMF және Solva микроқаржы ұйымдары екінші деңгейлі банкке айналуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Агенттік жаңа банктерді ашуға қойылатын талаптарды жеңілдету үшін банк жүйесі туралы заңнамаға түзетулер әзірлеген.
«Осы түзетулер қабылданған соң банк ашуға ниет білдірушілер көбейеді деген үміттеміз», – деді ол.