Енді проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты.
«Елімізде несие алушылардың қатары не себепті өсіп отыр? Олардың банкте бір проблемалық несиесі болса, оны жабу үшін микроқаржы ұйымдарынан жаңа несие алады. Бұл тұрғыда проблемалық несиесі тіркелсе, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы ұсыныс енгіздік», – деді ол.