Ел үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмін бекітті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Тиісті түзетулер енгізілген қаулыға премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттауды тапсырған болатын.
Бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түсті.
Сонымен қатар, республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады.