No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпорындарда жыл сайын 200-ге жуық адам қаза болып жатыр

28.04.2023
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,5%-ға, қаза тапқандар саны 8,4%-ға азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Жыл сайын 28 сәуірде дүниежүзілік қоғамдастық еңбекті қорғаумен байланысты проблемаларға жұртшылықтың назарын аудару, жарақаттануды азайтуға және жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың санын азайтуға жәрдемдесу мақсатында құрылған Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді.

Биыл Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы «Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы – еңбек саласындағы негізгі қағидат пен құқық» деп айқындалды. Бұл ақпараттық-түсіндіру науқаны еңбекті қорғау саласындағы проблемаларға және еңбек қызметіне байланысты жарақаттар, аурулар мен өлім-жітім санының өсуіне жұртшылықтың назарын аударуға арналған.

Халықаралық еңбек ұйымының деректері еңбекті қорғау саласындағы ауқымды проблемалардың сақталуын айғақтайды – әлемде жыл сайын 270 млн-ға жуық жазатайым оқиға және 2 млн-нан астам адамның өмірін қиған 160 млн кәсіби ауру тіркеледі.

Қазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 1500-ден астам жазатайым оқиғаға жол беріледі, оның 200-ге жуығы өліммен аяқталады.

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 16,2%, құрылыс саласында – 15% байқалады.

Қазіргі кезде 386 мыңнан астам жұмыскерлер зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Шу мен діріл деңгейінің жоғарылауы жағдайында әрбір екінші (46,8%), жұмыс аймағының газдануы мен шаңдануының жоғарылауы – әрбір үшінші (33,2%) және қолайсыз температура режимінде – әрбір алтыншы (16,7%) адам жұмыс істейді. Ауыр дене еңбегімен 102,7 мың (6,1%) жұмысшы айналысады.

2022 жылы 680 мың қызметкер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін түрлі өтемақы алды. Осы мақсаттарға жұмыс берушілер 207,6 млрд теңге бөлді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 24% – ға артық.

Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын одан әрі қамтамасыз ету үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) шаралар кешенін қабылдауда.

2022 жылдың қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін 119 лауазымды адам атқаратын лауазымынан босатылды. Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар бойынша 1094 материал жіберілді, олар бойынша 192 қылмыстық іс қозғалды. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау мақсатында 7061 өндірістік объектіні аттестаттау өткізілді.

Бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында еліміздің 3211 кәсіпорны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.

2019 жылдан бастап «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда оған 425 кәсіпорын қосылды.

Еңбекмині алдына еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын едәуір қысқарту және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету міндетін қояды. Осы мақсатта 2025 жылға дейін қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары іске асырылады, онда: өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетіктерін жетілдіру; өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру тетігін жетілдіру; зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге кепілдіктер берудің тәуекелге бағдарланған тетігін енгізу көзделеді. Осы іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай: жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициентін 1000 жұмысшыға 0,20-ға дейін төмендету; зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің үлес салмағын 20% – ға дейін қысқарту күтіледі.

Әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жыл сайын «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқаны өткізіледі.

Осы жылдың 24-26 мамырына жоспарланған еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі дәстүрлі Конференция мен Көрме халықаралық еңбекті қорғау күніне орайластырылған.

Еңбекмині барлық жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдарын «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқаны шеңберінде өткізілетін іс-шараларға қосылуға шақырады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Сәнді сатушы Hugo Boss компаниясы бірінші тоқсаннан қорғаудан гөрі, ең жақсы сатылымдарда орналастырады – CNBC

07.05.2025
фото: ашық дереккөз

Азат Мақсұм UFC-дегі дебютінде жеңіске жетті

16.07.2023

Америкалық инвесторлар Павлодар облысында картоп өсіруі мүмкін

01.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа