Еділ Жаңбыршин “Самұрық-Қазына” Қорының қаржылық активтерін кезең-кезеңмен мемлекеттік қаржы институттарында орналастыруды ұсынды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Бүгінге дейін көптеген ірі инвестициялық жоба: “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері”; “Жайлы мектеп”; инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар мен басқа да жобаларды дамыту, мемлекеттік бюджеттен, Ұлттық қордан 3 трлн теңгеден астам сомаға қаржыландырылып отыр. Соңғы үш жылда әр түрлі жобаларға мемлекеттің кепілдігімен тартылған несие 2,2 трлн теңгені, ал Үкіметтің алған қарызы 1,8 трлн теңгені құрады. Бұл инвестициялық жобаларға бөлінген ақшаның негізгі бөлігі екінші деңгейдегі жекеменшік банктерге орналастырылған. Сонымен қатар, 2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша “Самұрық-Қазына” қорының жекеменшік банктерде орналастырылған қаржы активтері мен ақшасы 5,9 трлн теңгені құрады”, – деді депутат.
Оның айтуынша, мемлекеттегі қаржының көбі жекеменшік банктер арқылы айналымға жіберілген. Мысалы, жоғарыда айтылған қаржылардың 1 трлн теңгесін бір жекеменшік банкке орналастырсақ, бұл банк жылына орташа есеппен 150 млрд теңге табыс табады.