Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы еліміздің 2023 жылғы этникалық құрамын жариялады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды. Оның ішінде 70,6% қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзірбайжандар – 0,7%, корейлер – 0,6% және басқа ұлттар.
Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 миллион, орыстардың көпшілігі Алматыда – 428 мың, Түркістан облысындағы өзбектер – 378 мың адам, Қостанай облысындағы украиндар – 86 мың, 297 мың ұйғырдың ішінде басым бөлігі Алматы облысында тұрады – 120 000 адам.
Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың өкілдері әлі де бар. Қазақстанның бір шаңырақ астында барлығы 124 ұлттың өкілдері тұрады.