ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Франция Республикасының делегат – министрі Оливье Бештпен кездесті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Кездесу барысында Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары талқыланды. Француз тарапы Қазақстанда бірінші АЭС салу жобасын іске асыру, сондай-ақ шағын модульдік реакторларды дамыту перспективаларын зерделеу бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Сондай-ақ министрлер осы ынтымақтастықтың негізін қалайтын «Мирный» жобасындағы (Мирный кентінде 1 ГВт ЖЭС салу жөніндегі жоба) соңғы ілгерілеулерді, атап айтқанда, 2023 жылғы 29 сәуірде ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «TotalEren» арасында қол жеткізілген келісімді құптады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ауқымды «Мирный» жобасын іске асыру шеңберінде электр энергиясының тарифіне қатысты қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Айта кеткен жөн, бұған дейін Қазақстанда атом электр стансасын салуға Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея ниет білдірген.