Астанада қазақ-тәжік іскерлік форумы өтті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Форум барысында ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бүгінде Қазақстанда Тәжікстанмен бірлестікте 418 кәсіпорын жұмыс істейтінін хабарлады. Оның айтуынша, 2005 жылдан бастап еліміз бауырлас республиканың экономикасына шамамен $132 млн инвестиция салды, ал тәжік инвестицияларының ағыны шамамен $21 млн-ды құраған.
Сондай-ақ қазақ-тәжік бизнес-форумы алаңында $1,8 млрд-тан астам сомаға 39 коммерциялық келісім-шарт пен келісім жасалды. Бұл ферроқорытпа, бидай, алюминий тотығы, мұнай коксы, күнбағыс майы, тау-кен өндірісін дамытуға арналған жабдық, JAC автомобильдері және басқа да өнімдерді жеткізуге арналған экспорттық шарттар.
Іскерлік шараға 200-ден астам компания, екі елдің мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларының өкілдері қатысты.
«Қазақстанның Тәжікстанға жалпы сомасы $140 млн-ға 60 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайту әлеуеті бар. Бұл өңделген өнімдер, соның ішінде күнбағыс майы мен ұн бар. Қызмет жеткізушілер Тәжікстан нарығына үлкен қызығушылық танытуда, олардың ішінде ауыл шаруашылығы, IT саласы үшін жерді қашықтан зондтау және ғарыштық байланыс қызметтері бар» ,— деді Серік Жұманғарин.