Қытай туристері Қазақстанға $16 млн кіріс түсірді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Kazakh Tourism ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша бұл былтырғы көрсеткіш.
Бір қытайлық турист Қазақстанға демалуға келгенде орта есеппен мың доллар жұмсайды екен.
2021 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш екі есе көп екен. Алдыңғы жылы кіріс көлемі 8,9 миллион доллар болған.