Полицей көлігімен үш ер адамды банкке 500 теңгеге алып барған, бірақ олар жолақыны төлеуден бас тартқан, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.
Осы кезде тәртіп сақшысы органда жұмыс істейтінін айтады. Жолаушылар бұған жауап ретінде полицейдің қызметтік куәлігі мен телефонын тартып алған.
Оның смартфоны арқылы бопсалаушылар 50 000 теңгеге онлайн кредит рәсімдеп, ақшаны банкоматтан шешіп беруге мәжбүрлеген.
Күдіктілердің барлығы ұсталды. Сот олардың екеуіне 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Бұрын сотталып, жазасын әлі өтеп болмаған үшіншісі үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды.