No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Желіде зейнетақы жинағына қатысты жалған ақпарат тарауда

Алаяқтар әлеуметтік желілерде осы жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында зейнетақы жинағының бір бөлігін төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан шешіп алуға болатыны туралы жазып жатыр. БЖЗҚ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты - kazbusiness.kz

10.05.2023
Керек-дерек, Әлеумет
13
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып жатқанын хабарлады.
“Заңнамаға сәйкес зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мен емделуге мерзімінен бұрын тек зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар, қазіргі уақытта жұмыс істейтін және зейнетақы шотында ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаты бар азаматтар ғана пайдалана алады”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ БЖЗҚ жалған хабарламаларды елемеуге, ақпаратты тек ресми көздерден алуға кеңес бере отырып,  зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану шарттарын тағы да ескертеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында пайдалану көзделген. Ол үшін:

– зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асуы керек. Бұл жағдайда ТЖШ асатын соманы пайдалана аласыз;

– зейнетақы алып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі алмастыру коэффициентімен қамтамасыз ете алуы қажет. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс;

– сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған болуы керек. Бұл жағдайда жеке зейнетақы шотында қалған қаражатты пайдалануға болады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ дерегінше, Зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін алуға болатын жағдайлар бар. Атап айтқанда:

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде (ресімдеу рәсімі мен алуға мүмкіндік беретін шарттар мұнда);

– мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 және 2 топ мүгедектігіне байланысты (толық ақпарат осында);

– сақтандыру компаниясымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты шеңберінде алуға мүмкіндік берілген.

БЖЗҚ белсенді түрде таратылып жүрген

Естеріңізге сала кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты кеңестерді БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да алуға болады:

Естеріңізге сала кетейік, Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға инвестициялық компанияларға беруге қатысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысы талқыланып жатыр.

Байланысты Материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Регистрация рождения ребёнка: что нужно знать

20.03.2024

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

20.03.2024

Неге жас журналисттердің IT сферасына бет бұрғаны жөн?

12.03.2024

Қант диабетінің симптомдары

08.03.2024

Ұсынылатын материалдар

«Екінші мүмкіндік»: бұрын сотталғандарға бизнес бастау үшін грант беріледі

02.08.2022

Жетісулық тұтынушыларға 6 миллионнан аса қаржы қайтарылды

05.07.2023

Биыл Қазақстанда бензин мен дизель тапшылығы болуы мүмкін

01.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа