Қазақстандық олигарх, тұңғыш президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев мемлекетке “Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі” ЖШС 50% үлесін берді.
Сот бұл үлесті Атырау АМӨЗ меншігіне (“ҚазМұнайГазға”тиесілі) қайтару туралы шешім шығарды.
“Соттар заңсыз сатылған мемлекеттік мүлікті қайтару жөніндегі ондаған талаптарды қанағаттандырды. Олардың ішінде өндірістік нысандар, базарлар, коммерциялық үй-жайлар, элиталық учаскелер және т.б. бар. Мәселен, сот шешімі бойынша АМӨЗ меншігіне Атырау қаласындағы Сұйытылған мұнай газды сақтау паркінің 50% үлесі қайтарылды”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.