Астана әкімдігі Halyk-пен бірлесіп Алматы және Сарыарқа аудандарындағы жеке үйді тегін газдандыру туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Меморандум бойынша әлеуметтік аз қамтылған жүз отбасы газға тегін қосылады. Олардың ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар бар.
“Қаламыздағы Алматы және Сарыарқа ауданында 12 мың абоненттің 8 мыңнан астамы газға қосылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындары төленеді. Сондай-ақ құны 150 мың теңгеге есептеу аспаптары тегін беріледі. Осылайша, елордадағы 100 үйді тегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу, желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі”, – деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.
Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі әлеуметтік осал топ санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін ұсынды. Оларға газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді.