16 мамырда республика бойынша негізгі ҰБТ басталады. Оны 5 шілдеге дейін екі рет тапсыруға болады. Соның нәтижесі бойынша грантқа түсуге мүмкіндік бар
2023 жылғы тесттің негізгі жаңалығы:
- Биыл Қазақстан тарихы пәні бойынша 20 тест тапсырмасы болады. Олар екіге бөлінген:
- 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған;
- 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін)
Бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді ҰБТ-да бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне “Математика-Информатика” енгізілді. Оны “Информатика мұғалімдерін даярлау”, “Ақпараттық технологиялар” мен “Ақпараттық қауіпсіздік” бойынша тапсырады. Бейіндік пәндерде басқа өзгеріс жоқ.
Бейіндік пәндер тізімі:
- математика мен физика;
- биология мен география;
- биология мен химия;
- биология мен география;
- шет тілі мен дүниежүзі тарихы;
- география мен шет тілі;
- дүниежүзі тарихы мен құқық негіздері; дүниежүзі тарихы мен география;
- қазақ тілі / орыс тілі мен қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті;
- химия мен физика;
- екі шығармашылық
Жауап нұсқалары азайды
ҰБТ тапсырмаларында жауап нұсқаларының санын азайтуға шешім қабылданды. Осылайша, бір дұрыс жауабы бар сұрақтарда жауап нұсқалары 5-тен 4-ке дейін, ал бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарда 8-ден 6-ға дейін азайтылды.
Оқуға түсу үшін қанша ұпай қажет
Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсу үшін кем дегенде 50 ұпай жинау керек. Ал ұлттық университеттерде шекті ұпайдың саны – 65.