Жамбыл облысындағы Қонаев атындағы ауыл мектебінде қабырғалар жарылып, еден құлады. Балалардың қауіпсіздігі үшін ғимараттың бір бөлігін жабуға тура келді.
Мектептің бастауыш сыныптар отыратын бөлігі кіруге болмайтындығын білдіретін қызыл лентамен жабылған. Дәліздегі едендер сынып, тереңдігі 50 см болатын шұңқыр пайда болған.
Барлығы 7 сынып екі қабат бойынша жабылып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Болған жағдайға байланысты ата-аналар мен мұғалімдер алаңдаушылық білдірді.
“Біз балалардың барлығын негізгі қанатқа көшірдік. Әдістеме кабинетіне, кітапханаға, директор кабинетіне, психолог кабинетіне орналастырылды. Оқу процесі дұрыс деңгейде өтуі үшін біз тақталар қойдық. Барлық балалар мектепке келіп, білім алады. Екі сыныпты екінші ауысымға ауыстырдық.”, – деді ауылдың № 5 орта мектебінің директорының орынбасары Д.Қонаева Гүлзира Қожахметова.