WhatsApp-тағы жаңа функцияның көмегімен қолданушы өз қалаған чатты жауып, құпиясөз орната алады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Жаңа функция жеке хат-хабарлардың құпиялылығын сақтауға мүмкіндік береді.
“Бұл – жеке хат-хабарларыңызды қорғауға болатын тағы бір қауіпсіздік шарасы. Чатты жапқаннан кейін ол негізгі экраннан бөлек бумаға жылжытылады. Оны ашу үшін құпия сөзін енгізіп немесе саусақ ізі сияқты биометриялық деректерді сканерлеу қажет. Жабық чаттардағы хабарламалардың мазмұны автоматты түрде жасырылады”, – делінген WhatsApp ресми хабарламада.
Чатты жабу үшін жеке хат алмасудағы адамның немесе топтың атын басып, сәйкес опцияны таңдау қажет.
“Келесі айларда жаңа мүмкіндіктер қосамыз, телефон паролінің орнына бірегей жабық құпия сөзін жасау да қосылмақ”, – делінген хабарламада.