Қазақстандықтар визасыз режим орнатылған бірқатар елге бара алады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Ең ұзақ уақытқа, яғни бір жылға Грузия мемлекетіне, ал Армения, Сент-Винсент пен Гренадина сынды елдерге жарты жылға баруға болады. Ең қысқа уақыт Гонконг, Оман, Иранда 14 күндей болуға рұқсат етілген.
Бүгінде Қазақстан тағы 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөз жүргізу үстінде. Оның ішінде Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн сынды түрлі мемлекеттер бар.
Қытаймен де өзара визасыз режимді енгізу жоспарланып жатыр. Қазіргі таңда екі жаққа да 30 күнге визасыз кіруге болады.
Кейбір елдерде Қазақстан азаматтары шекарадан өткен кезде виза рәсімдей алады. Сізде мына келесі құжаттар болуы керек: алты айға жарамды шетелдік төлқұжат; екі жаққа да ұшақ билеттері; төлқұжат үлгісіндегі екі фотосурет; консулдық және сервистік алымдарды төлеуге ақша (мөлшері елге байланысты); қосымша анықтамалар мен хаттар. Мысалы, сақтандыру немесе шақыру хаты. Бұл келесі бағыттар туралы:
- Сейшел аралдары;
- Мысыр Араб Республикасы;
- Замбия Республикасы;
- Маврикий Республикасы;
- Замбия Республикасы;
- Намибия Республикасы;
- Таиланд корольдігі (30 күнге дейін).
Сондай-ақ бүгінде шет мемлекеттердің әуежайында визаны сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Ондай қызмет түрі Мысыр, Замбия, Маврикий, Намибия, Сейшел аралдары мен Таиландта бар. Визаның құны шамамен 17-130 долларға шығады.