Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың қатысумен өткен жиын барысында, “Алтын белгі” алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратынындығы туралы айтылды деп хабарлайды Kazbusiness.kz
«Алтын белгі» баладан гөрі, ата-анаға қажет сынды. Себебі, ата-ана мақтану үшін, «Алтын белгіні» баласы алу үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық әрекеттері осы атақты алу үшін жиі тіркелетін болса, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ түрінде жұмыс істейтін боламыз. Себебі, білім сатылмау керек, сапа болуы керек», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға арналған ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.
Барлық талапкерге ҰБТ-ны тапсыруға екі мүмкіндік беріледі. Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2023 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.
Сондай-ақ олар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды. Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді.