No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қарасай ауданында “Әкелер мектебі” қарқын алды

19.05.2023
Әлеумет
414
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Таяуда «Әкелер мектебі» жобасы аясында Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы Үшқоңыр орта мектеп гимназиясында «Әкелер мектебі – бақыт мекені» атты аудандық форум өтті деп хабарлайды Kazbusiness.kz.

Форумның басты мақсаты отбасы құндылығын басшылыққа ала отырып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және отбасындағы әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру болып табылады.

Осы іс-шара аясында, Қарасай ауданының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы әрі жоба жетекшісі  Әсел Еркінбаеваның айтуы бойынша, әке рөлін көпшілікке түсіндіру арқылы қоғамға отбасылық құндылықтарды дәріптей аламыз.

“Тәрбиеде әкенің орыны өте бөлек. Отан отбасынан басталады. Ал отбасы тікелей әкеге келіп тіреледі. Әке берген тәрбиені жүз мектеп бере алмайтындықтан түсіндіріп, біз осы отбасы құндылықтарына, өзіміздің ұлттық кодымызға бет бұрып, осы жұмысты жалғасытруға бел буып отырмыз. Аталған іс-шара жыл бойы, барлық мектептерде ұйымдастырылып, тұрақты түрде жұмыс жүргізетін болады, – дейді Әсел Еркінбаева.

Аталған форумға “Жас дарын” орталығының педагогикалық шеберлік бөлімінің басшысы Сулейменова Қымбат Оспанқызы арнайы келіп куә болды.

“Қарасай ауданында “Әкелер мектебі” жобасы аясында 51 мектеп қамтылып отыр. Мұны жасаудағы негізгі мақсатымыз ұлттық құндылықты дәріптеу арқылы балаларды тәрбиелеу. Қазір бала тәрбиесінде кереғар дүниелердің көптігін ескере отырып, жастарға әке тәрбиесінің маңызын түсіндіру. Біз үшін әке – ұлы тұлға, – дейді ол.

Форумға аталған жоба орындаушыларынан бөлек, тұрғындар да келіп қатысты. Өздерінің ойларымен бөлісіп, әкенің қоғамдағы орынын көрсету барысында жобаның жақсы екенін алға тартты.

“Әкенің баламен арадағы қарым-қатынасының алшақтап кеткені туралы форумда жақсы айтылды деп есептеймін. Жоба жақсы ұйымдастырылған. Жақсы әсер алдым. Әке мен бала арасындағы мәселелер туралы көп жақсы ақпараттар айтылды”- деп алғысын білдірді форум қатысушысы Нұрлан Айтақынов.

“Әкелер мектебі” жобасы осыған дейін Қарасай ауданы, Әйтей ауылында да өткізілген болатын. Осы бағытта жұмыс жасап жатқан мамандардың сөзінше, жүзге жуық адам келіп қатысқан бұл шара өз жалғасын таппақ.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

2,4 трлн теңгеге жаңа мектептер салынбақ

24.08.2023
фото: ашық дереккөз

Жұмыссыз ата-аналарға шамамен 21 млрд теңге жәрдемақы төленді

21.08.2023

“Барлығын кәсіпкерлерге беріп жатыр”: Павлодар облысының тұрғындары жайылым тапшылығына шағымданды

21.08.2023

Атырау облысында кәсіпкерлер заңсыз азық-түлік бағасын көтермелеген

12.08.2023

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері анықталды

10.08.2023

Ақтөбеде мүгедектігі бар азамат ХҚКО-ға тізесімен көтерілуге мәжбүр болды

09.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Ұлттық қорға бірінші жарты жыл ішінде былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп салық түсті

03.08.2022

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы $18,4 млрд құрады

06.12.2022

Зейнетақы жинағын алу шегінің өзгеруіне әсер ететін факторлар қандай?

13.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа