No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ресейде басталған өрттен Абай облысында 70 гектар жер өртеніп жатыр

Абай облысында орман өртеніп жатыр.

23.05.2023
Жаңалықтар
12
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Абай облысы Бородулиха ауданының аумағында орын алған орман өрті бойынша жедел ақпаратты ТЖМ ресми сайты жариялады, деп хабарлайды Kazbusiness.kz.

2023 жылғы 22 мамырда Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан “Семей орманы” МОТР аумағында орман өрті орын алды. Дереу шақыру орнына ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков барды. Әкімдіктің мәліметінше, аймақта елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Алайда халықты эвакуациялауға дайын. Төтенше жағдай департаментінің мамандары өртті сөндіруге талпынып жатыр.

Өрт ошағы Ресейдің Алтай өлкесі Новенькое ауылы Қазақстанның Абай облысы Бородулиха ауданы Ауыл елдімекенінен 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт лезде «Семей орманы» табиғи резерватына өтті.

Орманшылардың кеше сағат 22.50-дегі мәліметінше 70 гектар жер өртеніп жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 10 техника, орман шаруашылығынан 108 адам және 38 техника тартылған.

Семейден қосымша өрт сөндіру техникасы оқиға орнына кетті. Ауылға кіреберісте жедел облыстық штаб құрылды. Сағат 23.07-де Семей қаласынан Ауыл елдімекеніне ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жетті.

Орман шаруашылығының мәліметтері бойынша өрттің алдын ала ауданы 1100 га құрайды.

Орман өртін сөндіруге барлығы 88 бірлік техника (1 өрт пойызы) және 259 адам 56 бірлік техника жұмылдырылды (“Семей Орманы” МОТР 147 адам, ТЖМ 27 бірлік техника және 98 жеке құрам, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы, 10 адам, 4 бірлік техника, 4 адам ЖАО). Өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқару МИ-873 тікұшағы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Семей қаласының 68303 ТЖМ әскери бөлімінің жеке құрамы жіберілді, – делінген ақпаратта.

Өртті сөндіру жұмыстарының қиындауы қатты екпінді желдің салдарынан өрттің төменнен жоғарыға өтіп, оның тез таралуына әкелуде.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін автокөліктердің шығарылуына тыйым салынған

18.11.2022

Қарашада азық-түлікке жатпайтын тауар бағасы 1,6 пайызға өсті

01.12.2022

Кәсіпкерлер балалар арасындағы бұқаралық спортқа көңіл бөлуде

19.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа