«Бәріне ұнайтын шешім ғана қабылдамауымыз керек»,- Аймағамбетов соңғы қоңырауға қатысты, пікір білдірді деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Биыл елімізде оқу жылы 1 маусым күні аяқталады. Алайда қазір бұл жаңашылдық ата-аналардың наразылығын тудырып жатыр. Олардың айтуынша, балалар кітаптарын баяғыда тапсырып қойған, мектепке босқа барып жүр.
Министрлік өзінің шұғыл өткізген жиналысында директорларға ғана емес, 25 мамырдан кейін балаларын мектепке жібергісі келмейтін ата-аналарға да ескерту жасалды.
“Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамау екі тарапты да жауапкершілікке тартуға әкеп соғады”, – деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Екі тарап дегені – мектеп пен ата-ана. Шұғыл жиында оқулықтарды мерзімінен бұрын жинаған мектептердің директорлары 15-тен 30 АЕК-ке дейін айыппұл төлейтіні айтылды. Шамамен 51 750 теңгеден 103 500-ге дейін.
Биыл оқушылар бұрынғыдай демалысқа 25 мамырда шықпайды, соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады.