Париж биржасында LVMH акциялары 5% – ға түсті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Әлемдегі ең бай адам және Louis Vuitton moët Hennessy (LVMH) компаниясының негізін қалаушы Бернард Арно АҚШ экономикасының әлсіреуіне байланысты кей бұйымдарға сұраныс төмендейтінін айтқан. Оның дәулеті бұл сөздерден кейін 11,2 миллиард долларға кеміген.
Себебі Париждегі биржада LVMH акциялары 5% – ға төмендеді. Жалпы, еуропалық сән-салтанат компаниялары осы сессияда шамамен 30 миллиард доллар жоғалтты.
Дегенмен, Bloomberg миллиардерлер индексіне сәйкес, акциялардың құлдырауына қарамастан Бернард Арно әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде бірінші орынды сақтап қалды.
LVMH компаниясы Louis Vuitton, Moet & Chandon және Christian Dior сәнді брендтеріне ие.