Кейбір демалыс орындарында өзіңмен бірге тамақ немесе сусын алып кіруге тыйым салынып жатады. Бұл қаншалық дұрыс? Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдері жауап берді, – деп хабарлайды Kazbusiness.kz.
Ведомствоның мәліметінше, жазғы демалыс маусымы қарсаңында қазақстандықтардан жиі сұрақтар келіп түсуде. Солардың бірі – демалыс орындарының шарттарына қатысты. Бұл ретте, ел тұрғындары кейбір демалыс орындарының өз аумағына сусынмен және тамақпен кіруге тыйым салуы қаншылықты заңды екенін сұраған.
Кез-келген азамат елдегі демалыс аймақтарына тамақ пен сусын алып кіре алады. Бұған тыйым салу заңсыз. Бұл туралы Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Баренов айтты. Айтуынша, қолыңыздағы сусын мен тағам – тұтынушының жеке заты. Оның қолыңыздан алып алуға ешкім шектеу қоя алмайды екен.
“Заңды түрде сатып алынған кез келген сусындар мен тамақ тұтынушының жеке меншігі болып табылады және оны ешкім шектей алмайды (ҚР Конституциясының 26-бабы 1 және 3 бөліктері)”, – дейді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Баренов.
Егер әркім билет сатып алса немесе оның аумағына кіру үшін ақы төлесе, тамақ пен сусындармен демалыс аймағына еркін кіруге құқылы, өйткені бұл жасалған шарттың нысаны болып табылады (ҚР АК 394-бабы).
Рамазан Бареновтің айтуынша, мұндай шектеулер ауызша немесе жазбаша болсын, жарамсыз, өйткені олар Заңның жоғарыда аталған бабында жазылған.
“Заңның 24-бабы 3) тт. сәйкес, кәсіпкер тұтынушыға демалыс аймағының аумағына қолда бар және заңды түрде сатып алынған барлық мүліктермен еркін кіруді қамтамасыз етуге міндетті, егер заттар моральдық негіздерді бұзбаса және т.б., әсіресе мұндай тауарлар демалыс аймағының аумағында сатылса, мұндай тыйым салуға жол берілмейді”.
Сонымен қатар, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 8-1-б. 2-т. 3) тт. сәйкес тұтынушыға демалыс аймағына оның ішіңде тамақ пен сусынның болуына байланысты кіруге тыйым салуға жол берілмейді, өйткені бұл әрекет тұтынушыны оның аумағында тамақ пен сусындарды қосымша сатып алуға мәжбүрлеу болып табылады.
Баяндалған құқық бұзушылықтың құрамы болған кезде тұтынушы ӘҚБтК-нің 163-бабының 2-бөлігі бойынша жосықсыз кәсіпкерді жауапкершілікке тарту үшін БҚДА аумақтық департаментіне тікелей жүгіне алады, оған сәйкес 200 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген немесе осы мәселе бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы салааралық үйлестіруші ретінде консультация және құқықтық көмек алу үшін СИМ-ның аумақтық СжТҚҚД жүгінуге болады.