Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің “BBB” деңгейінде екенін растап, болжам “Тұрақты” деген қорытындыға келді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Үкіметтің мәліметінше сыртқы сілкіністерге өзінің орнықтылығын дәлелдеген тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар деп танылған.
Халықаралық агенттік есебінде активтердің едәуір қорлары бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні көрсетілген.
Сарапшылар қазіргі шоттың профициті 3,4%-ға жақсарғаннан кейін 2024 жылға дейін сақталады деп отыр. Ал бұл – соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ бұл Қазақстанның сыртқы балансын одан әрі нығайтуға ықпал ететінін айтады.
Жалпы Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ға дейін және 2024 жылы 4,8%-ға дейін өседі деп болжап отыр.