1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі деп хабарлайды Kazbusiness.kz үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға ұлғайтылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды”, – делінген хабарламада.
Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр.