No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Отбасы банк 20 жылдық мерейтойын атап өтті

29.05.2023
Жаңалықтар
27
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сүбелі үлесін қосып жүрген Отбасы банкіне 20 жыл. Өз кезегінде қаржы институты 10 жылдығын атап өткелі отырған “Бәйтерек” ҰБХ-ның еншілес ұйымы. Бүгінде банкте, кеңесшілерді есепке алмағанда, 1464 жуық адам жұмыс істейді. Олардың дені Отбасы банк қаланғалы еңбек жолын бірге атқарып келе жатқан адал қызметкерлер. Бүгін Астанада “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ Басқарма төрағасы Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайының жақсаруына өлшеусіз үлес қосып жүрген үздік қызметкерлерді мерейтойлық медальдармен марапатталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

16 жылдан бері Отбасы банкінде жұмыс істеп келе жатқан семейлік тұрғын Аяулым Ермекқалиқызы марапатталған үздік қызметкерлер қатарында. Бүгінде ол Абай облыстық филиалының клиенттермен жұмыс жасау бөлімінің І санатты маманы. Банкке небәрі 22 жасында келген бойжеткен, осы уақыт аралығында банкпен бірге өсіп, бірнеше лауазым алып, отбасылы болып, тіпті жайлы қонысқа көшіп те үлгерген екен.

“Отбасы банк” мен үшін жәй ғана жұмыс орны емес, бұл жер менің отбасым, ең үлкен шаңырағым. Алғаш банктің табалдырығын аттаған кезде педагогика мамандығын енді ғана бітірген, уыздай жас едім. Алғаш іс-өндіруші болдым, жеті айдан кейін сырттай агенттермен жұмыс істейтін Сатуды қолдау басқармасына ауыстым. Осыдан кейін банк өнімдерін дамыту Басқармасына келіп, сатылай көтеріліп жүріп Орталық аппаратқа орнықтым. Осы жерде жүріп қаржыгер мамандығын игердім, отбасын құрдым, бүгінде үш баланың анасымын. Банк ішінде жүріп, бұл жүйенің расында да тиімді екеніне көз жеткізген соң, “Отбасы банк” арқылы алғашқы пәтерімді алдым”,-деді Аяулым.

Сұхбат барысында Аяулымның банктегі жұмысына деген махаббаты ерекше сезіліп тұрды.

“Отбасы банк” менің ғана емес, үйсіз-күйсіз жүрген көптеген адамдардың өмірін өзгертіп жатыр. Өзім қызмет істеген 16 жылдың ішінде мыңдаған шаңырақтың қуанышына куә болдым. Күн сайын қолына құжатын ұстап, шағын баспанам болса деген үкілі үмітін артып, алдымызға көп адам келеді. Олар конкурстан өтіп, үйлі болған кезде өзіміз пәтер кілтін алғандай қуанамыз. Кей клиенттеріміз қоныс тойларына шақырып, қуаныштан ағыл-тегіл жылап жатады. Кейде бұл банк маған адамдарға көмек қолын созушы қайырымдылық ордасындай көрінеді. Мен тіпті үйімнен гөрі, осы жерде уақытымның көп бөлігін өткіземін. Ұжымдастарым да отбасымның  ажырамас бөлігіне айналып кетті. Бұл банк мені тәрбиеледі, өсірді, дамытты. Өмірімдегі барлық жағымды оқиғалардың бәрі “Отбасы банкпен” байланысты. Бұл жерге айтар алғысым шексіз! Осында 20 жылдан аса отырған әріптестерім бар, бірақ солардың біреуінің де “жұмыстан жалықтым” дегенін естіген емеспін. Бүгінгі марапат алған әріптестерім үшін қуаныштымын! “Отбасы банкпен” бірге өсе берейік, өрлей берейік!”,-деді Аяулым.

Бүгінгі марапат алған тағы бір кейіпкеріміз “Отбасы банкінің” Шымкент қалалық филиалының №1 Қызмет көрсету орталығының І санатты маманы – Ұлан Мейманұлы. Ұланның банк саласындағы қызметіне 11 жылдан асқан.

“Отбасы банктің” мен үшін орны бөлек, алғаш мұнда 26 жасымда келгенмін. Содан бері 11 жыл өтсе де, мұндағы жұмысым мені жалықтырған емес. Мен де өзге әріптестерім секілді осы банкпен бірге өсіп, тәжірибе жинап, отбасын құрып, жаңа орта, әріптес-достар таптым. Тіпті медаль алатынымды естіген кезде, ерекше толқыдым. Шынын айтсам, мұндай марапат аламын деп күтпедім де. Еңбегіміздің бағаланып жатқаны қуантады. Банктегі менің ең үлкен мотивациям – үйлерінің кілтін алған сәттегі клиенттерімнің қуанышы. Олардың уайымы, үміті, қуаныштың көз жасы. Құжат жинаған кездегі сәттерін бірге өткеріп, өтіп кетсе екен деп тілекші болып отырамыз. “Ұлан, мен өттім” деген кездегі қуанышты жүздері мені қанаттандырады. Әжелеріміз, аналарымыз қатты толқып жылап, жүрек жарды ақ баталарын беріп жатады. Халықтың ықыласынан артық қандай бақыт керек?!”,-деді Ұлан Мейманұлы.

Жалпы Отбасы банк (“Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы) осы уақытқа дейін 420 000 қазақстандық отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлаған. Тек былтырғы жылдың 80 мыңға жуық азамат қаржы институтының ипотекалық бағдарламаларының көмегімен армандаған тұрғын үйлеріне қол жеткізген.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

7 жыл: Ақтөбеде бұрынғы есепші 42 млн тг жымқырғаны үшін сотталды

07.08.2023

Органикалық өнімнің жалған таңбасын қадағалайтын мемлекеттік орган жоқ

30.11.2022

Кәсіпкерлер балалар арасындағы бұқаралық спортқа көңіл бөлуде

19.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа