Бүгін Бас Прокуратурада заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Kazbusiness.kz.
Кеңес барысында соңғы үш жылда қылмыстардың жалпы саны азайып келе жатқаны белгілі болды. Биыл ауыр қылмыстар 23,5%-ға және аса ауыр қылмыстар 29%-ға азайған. Бас прокурор Берік Асылов азаматтардың қауіпсіздігіне баса назар аудару керек екенін жеткізді.
Біз азаматтардың қауіпсіздігіне анағұрлым теріс әсер ететін қылмыстардың алдын алуды күшейтуіміз керек. Бұл міндетті Мемлекет басшысы қойып отыр, – деді Берік Асылов.
Кеңес отырысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелеріне ерекше назарда екені айтылды. «Мефедрон», «Тұз» және басқа препараттардың интернет арқылы кеңінен қолжетімді болып тұр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3 жылда 122 есірткі зертханасы жойылса, есірткі таратумен айналысатын 17 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген.