Алматы облысында «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының қызметкері төрт жыл бойы ауыл тұрғындарының энергияға төлеген ақшасын жымқырып келген деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Ресіми деректерге сүйенсек, 2019 жылдан 2022 жылға дейін, өкілеттігі болмаса да, Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылдарының тұрғындарына жалған түбіртектер беру арқылы, энергияны асыра пайдаланғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
“Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін әріптестерінің логиндері мен құпия сөздерін пайдаланып, дерекқорға жалған ақпарат енгізген”, – дейді Қаржы мониторингі агенттігі
Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғынын электр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге сондай-ақ 16 млн теңгеге жуық сомадағы залалды өтеуге шара қолданды.
Сот «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженерін алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 5-жылға бас бостандығынан айырды.