Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлері қазақстандықтарға еңбек визасын беру мүмкіндігін талқылады, – деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бүгін Астанада Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжин мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің екіжақты келіссөздері өтті.
«Халықтар арасындағы байланыстардың маңыздылығын ескере отырып, министр Пак Чжин екеуміз екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. Өз тарапымнан Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, әсіресе Қазақстанды “Кореяның” жұмысқа рұқсат беру жүйесіне қосу біздің еліміз үшін өте маңызды екеніне назар аудардым», – деді Мұрат Нұртілеу.
Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстанға ресми сапары 30 мамыр мен 1 маусым аралығында жалғасады.