Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды – kazbusiness.kz.
Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету. Бүгін “Атамекен” палатасының Қарасай аудандық филиалында бас қосқан жас кәсіпкерлерге осы бағытта ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аталған филиал басшысы Жанәділ Орынбай Басарұлы шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан бөлінетін гранттар мен төмен пайызды несиелер жайлы кеңінен баяндады. Бұл ақпараттар әсіресе Қарасай ауданында жаңадан құрылған KAZBUSINESS club мүшелеріне өте қызық болды. Іскерлік әлеміне енді аяқ басып жатқан жастар өздерін толғандырған сұрақтарды филиал басшысына қойып, толыққанды жауаптар алды.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда өңірлерде жүзеге асып жатқан “Қарызсыз қоғам” жобасының спикері, Қостанай облыстық “Ұлы дала” ассоциациясының басшысы Гульсун Абдуллина тұрғындар арасындағы қаржылық сауаттылықты көтеруге бағытталған курс жайында айтып берді. Шынымен де, бұл үлкен мәселе. Себебі, қазіргі таңда оңды-солды несие алып, берешекке белшесінен батып жүрген жандар көп. Бұл тегін курс осы олқылықтың орнын толтыру үшін таптырмас мүмкіндік. Ең бастысы осыны жергілікті халық дұрыс түсініп, білімін жетілдіруге бес күн уақыт таба алса, нұр үстіне нұр болмақ!