Биылғы мектеп оқушылары 2-19 маусымда қорытынды емтихан тапсырады деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Оқу бағдарламаларын меңгеру нәтижесін анықтау үшін 9-сынып оқушылары қорытынды бітіру емтиханын, 11-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырады.
Емтиханды комиссия мүшелері қабылдайды.
Пән мұғалімдері, мектеп директорының орынбасарлары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің өкілдері емтихан комиссиясының құрамына кіреді.
“Емтихан алатын комиссияны мектеп директоры немесе оны алмастыратын адам басқарады. Комиссия мүшелерінің саны бір бітіруші сынып болса, кемінде бес, ал екі және одан көп бітіруші сынып болса, кемінде жеті адамнан тұрады” – делінген хабарламада.