No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Сол себепті халық қаладан көшіп жатыр”: екібастұздықтар суықта далада қала ма деп қорқады

02.06.2023
Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қыста жылусыз қалған Екібастұз қаласында сатылымға қойылған пәтерлер көбейген.Хабарламалар арасында баспаналарын өте арзан бағаға беріп жатқандар көп екен. Өйткені тұрғындар алдағы қыста қайта апат болып, суықта қала ма деп қорқады. Ал әкімдік өкілдері қазандықтардың барлығын қыс түспей жөндейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарнама сайттарының бірінде тәулік ішінде Екібастұздағы 200-ге жуық үй сатылымға шығыпты. Бағасы да арзандап кеткен. Бұрын 9-10 миллион теңге тұрған 1 бөлмелі пәтерлер 4-5 миллионның шамасында болса, 2 бөлмелілердің құны 7 миллион теңгеден тұр. Қала тұрғыны Юрий Павленконың сөзінше, Екібастұздан халықтың көшуі таңғаларлық жәйт емес. Өйткені жұрт өткен қыстағы қайта орын алуы мүмкін деп алаңдайды дейді.

“Иә, қазір Екібастұз жұртшылығы өте алаңдаулы. Сол себепті халық қаладан көшіп жатыр. Пәтерлер құнсызданып қалды. Өте арзан бағада сатылып жатыр. Олар жылу орталығы әне-міне жөнделеді дегенге сенбейді”, – деді тұрғын Юрий Павленко.

Ал жергілікті билік өкілдері келесі жылыту маусымына дейін жылу орталығындағы сегіз қазандық жөнделетінін мәлімдеді. Бүгінде зақымданған құбырлар ауыстырылып жатыр екен.

“Жылу электр орталығында 10 қазандық агрегаты бар. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек ұзындығы 5,4 шақырым болатын негізгі жылу магистралін жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар басталды”, – деді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов.

Айта кетсекғ өткен қыста қақаған аязда Екібастұзда тозған жылу желілері бірнеше жерден жарылып, ірі апат болған еді. Соның кесірінен жүзге жуық тұрғын үй жылусыз қалды. Бүгінде жартысынан жуығы ыстық судан ажыратылған.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Alibaba-ны 70 бизнес өкілі тегін қолдана алады: Gold Supplier 1 жылға беріледі

01.04.2023

Алматы облысының 12 жасар тұрғыны “Славян базарының” бас жүлдесін алды

14.07.2023

RAMS EVO: сатылым 17 маусымнан басталады

13.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа