ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астана активімен кездесуде патрульдік және учаскелік қызметшілер елордалық ойын-сауық мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналына айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы.
“Қалада мың кафелер мен бар, түнгі клубтар бар. Бұл кәсіпкерліктің маңызды саласы. Бірақ, олардың иелері клиенттер үшін қауіпсіз болу жағдайларын жасай бермейді. Онда жиі қылмыс пен заңбұзушылық орын алады. Соның өзінде мен ұсақ қылмыстарды есепке алмай отырмын. Өткен жылы полиция осындай жағдайға қатысты 13 мың хабарлама алды. Биыл 4,5 мың хабарлама түсті. Біздің күшіміз, қаражатымыз, уақытымыз жиі жұмсалады. Патрульдер мен учаскелер осы мекемелердің қызметшілеріне айналды. Елорда барларының біреуінде ғана ұрлық, бұзақылық, топтық төбелес бойынша 352 хабарлама келіп түсті”, – деді министр.
Ахметжанов проблеманы иелерінің күзетке үнемдеуінен көреді. Келісімшартсыз жанжалды оқшаулау дағдылары жоқ кездейсоқ адамдар жалданады. “Секьюритидің” барлық әрекеттері қылмыскерлерді көшеге шығаруға байланысты. Дәл осындай жағдайда кафелердің біріне келген азаматі қаза тапты
Оның айтуынша, мекеме иелері үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу маңызды емес. Ал алкоголь өнімдерін сатуға лицензиядан айыруды олар басқа адамға қайта ресімдеу арқылы айналып өтуге апарады.
Нәтижесінде халық биліктің дәрменсіздігін көреді, ал кейбір азаматтар жағдайды “патронат”деп қабылдайды.
Екінші мәселе – уақыт шектеулерінің болмауы. Қазір қалада құқық бұзушылықтардың 80 пайызға жуығы түн ортасынан кейін жасалады. Сондықтан: біріншіден, мәслихат шешімімен тұрғын үйлерде алкоголь сататын ойын-сауық мекемелерінің жұмыс уақытын 23:00–ге дейін, жеке тұрған ғимараттарда 2:00-ге дейін айқындау ұсынылады.
Ол үшін норманы елорда аумағын абаттандыру ережелерінде бекіту қажет. Әрине, бұл норма бизнестің мүдделеріне әсер етеді.
“Біз азаматтарға қауіп төнетінін түсінуіміз керек. Оң тәжірибе бар. Соңғы үш жылда сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейтін мекемелерден полицияға қоғамдық тәртіпті бұзу туралы бірде-бір хабарлама түскен жоқ. Екіншіден, әкімдік пен полиция департаментінің ойын-сауық орындарының қауіпсіздік рейтингін жасау жөніндегі бастамаларына қолдау көрсетіледі. Бұл азаматтарға қауіпсіздіктен бастап сервис деңгейін бағалауға дейінгі әртүрлі критерийлерді ескере отырып, бару орындарын таңдауға мүмкіндік береді”, – деді министр.
оның пікірінше, полиция департаменті әкімдіктермен бірлесіп кешенді талдау жүргізіп, әрбір объект бойынша шаралар қабылдауы қажет.
“Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасына қоғаммен серіктестікте алкогольді интернет арқылы сатуға тыйым салу, өткізу орындарын шектеу, темекі өнімдеріне ұқсас алкоголь өнімдерін жарнамалауға қарсы енгізу жөніндегі шаралар жізеге асты. Алкогольге қатысты елеулі шектеу шараларын іске асыру үшін бүкіл қоғамның шоғырлануы мен қолдауы қажет”, – деп қорытындылады ІІМ басшысы.