Елде микронесиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендейді деп күтілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы.
Агенттік жеке тұлғалар алған микронесие сыйақысының шекті мәніне өзгеріс енгізу туралы қаулыға қол қойғаны белгілі болды. Нақтыласақ:
- жеке тұлғамен жасалған, күнтізбелік 45 күнге дейінгі кезеңге берілген, 30 АЕК-тен (103,5 мың теңгеден) 50 АЕК-ке (172,5 мың теңгеге) дейінгі сомаға кепілсіз микронесие беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін 20%-дан 15%-ға дейін төмендету;
- жеке тұлғамен жасалған, кепіл мүлкімен қамтамасыз етілген, күнтізбелік 45 күнге дейінгі кезеңге берілген микронесие беру туралы шарт бойынша сыйақының күнделікті мөлшерлемесін 1%-дан 0,8%-ға дейін төмендету.
Аталған түзетулер қарыз алушылардың борыш жүктемесін төмендетіп, микронесие бойынша артық төлемді азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.