No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарасай ауданының архитектурасы, жер қатынастары, АХАЖ ғимараты күлге айналды

08.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness
1.7k
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгін Қаскелең қаласындағы Абылай хан және Байғазиев көшесінің қиылысында орналасқан АХАЖ, сәулет, қала-құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінің ғимараттары өртке оранды, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі.

Өрт 14:30 шамасында, Абылай хан көшесі бойында орналасқан “Кристал” дәмханасының әжетханасынан бастау алды деген болжам бар. Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер бір сағатқа кешігіп келген. Тіпті кейбір адамдар су да болмады деп айтуда.

Kazbusiness.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына арнайы барды.

Төтенше жағдай салдарынан аталған әлеуметтік нысандар құжаттары толығымен жойылды.

“Өрт дәмхананың әжетханасынан басталды. Соның артында ЗАГС, жер қатынастарының ғимараты орналасқан. Ғимарат толықтай өрт астында қалды. Өртті байқаған бетте бірден өрт сөндіру қызметіне хабарластық. Алайда олар бір сағат кешігіп келді. Сағат кешкі 17.00 болса да, қызыл жалын әлі толық сөндірілген жоқ”, – дейді куәгерлер.

https://kazbusiness.kz/wp-content/uploads/2023/06/whatsapp-video-2023-06-08-at-16.44.39.mp4

Тұрғындар өрт сөндіру қызметкерлеріне наразылықтарын білдіруде. Төтенше жағдайлар бөлімінің ғимараты оқиға орынына жақын жерде орналасқан. Айтуларынша, бір сағат жүріп келетіндей жер емес.

“Өрт сөндірушілер кешігіп келмегенде нысан жанындағы тұрғындардың үйлерін сақтап қалуға болатын еді. Алыс емес, таяқ тастам жер ғой”, – деп наразылығын білдірді Айдар есімді куәгер.

Айта кетейік, Абылай хан және Байғазиев көшесі қиылысының бойында әлеуметтік маңызды нысандар орналасқан. Бір-біріне тығыз орналасқан ғимараттардан бөлек, тұрғындардың үйі және тұрғын жайларын да өрт шалды.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, АХАЖ бөлімінің құжаттарын, архитектура бөлімі қызметкерлері компютерлерін шығарып үлгерген. Десе де, генжоба, ресми құжаттардың көбі күлге айналды.

Еске салсақ, Қарасай ауданында бұған дейін де жер дауы мен заңсыз құрылыс дауы ушығып тұрған еді.

Байланысты Материалдар

IRS электр жеткізушілеріне $ 7,500 салық несиесін қорғау үшін бірнеше рет уақыт береді – Electrek

27.08.2025

Уоррен Баффет CNBC-де пойыздар жоспарын айтты.Акциялар қозғалады – CNBC

27.08.2025

Қор биржасы Бүгін: Dow 200-ден астам ұпай, S & P 500 EDGA LIGHT, NASDAQ оң болады;Осы аптада Нвидия нәтижелері күткен инвесторлар күтеді – MarketWatch

27.08.2025

Доктор Бұрыш PEAT-ті 18 миллиард долларға сатып алғаннан кейін, Кеуригмен бірігіп, оны біріктіруді босатады

27.08.2025

Intel дейді Трамптың U.S жоспары. Компанияның үлесі Компанияның қатысуымен бизнес тәуекелдерімен айналысады – Вашингтон Посты

27.08.2025

NVIDIA, S & P 500 көтерілген NASDAQ басталу апталығына аз өзгерді: Live жаңартулары – CNBC

27.08.2025

Ұсынылатын материалдар

Берілген екі әлеуетті экономикалық дағдарысқа тап болды. Ол бір ғана – CNN-ге басымдық бере алады

08.05.2025

«Жайлы мектеп» жобасына қатысу үшін жиһаз өндірушілерде индустриялық сертификат болуы керек

19.01.2023

Азиялық акциялар көбірек сауда-саттыққа үміт артады: базарлар – Блумберг.com

25.07.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа