Қаскелең қаласында болған алапат өртке қатысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Ведомство мәліметінше, Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы Омралиев көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 14.51-де келіп түсті.
Тұтанған өрт аз уақыт ішінде 418 шаршы метр ауданы шарпыды.
Баспасөз қызметі оқиға орнына өрт сөндірушілердің кеш келуінің әрі жалынның бірнеше нысанға берілу себебін хабарламаның кеш келуінде деді.
“Бірінші бөлімше келген кезде өрттің ауданы алдын ала 300-400 шаршы метрді құрады. Хабарланған сәттен бастап оқиға орнына дейін келу уақыты – 6 минут. Ең жақын өрт сөндіру бөлімінен өрт орнына дейінгі қашықтық 3 шақырымды құрады. Ең жақын өртке қарсы сумен жабдықтау (өрт гидранты) объектілерден бір жарым шақырым қашықтықта орналасқан”, – делінген хабарламада.
Кеш болса да оқиға орнына келіп, жалынның сөндірілуі нәтижесінде жақын орналасқан сәулет ғимараттарға, дүкендер мен жеке тұрғын үйлер өрттен аман қалды.
Сондай-ақ, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 16.17-де оқшауланып, 17.31-де сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
“Өртті жоюға Алматы облысының ТЖД 29 қызметкері мен 11 бірлік техникасы, Алматы қаласы ТЖД 6 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды”, – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Еске салсақ, Қарасай ауданының архитектурасы, жер қатынастары және АХАЖ ғимараты жалынға оранып, құнды құжаттар күлге айналған еді.