Алматылықтар мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратында өткен қаралы жиынға Премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған ұлт зиялылары, қоғам қайраткерлері қатысты. Үкіметтен, Парламент палаталарынан және ұлт зиялылары қатысты. Жиында Премьер-министр Әлихан Смайылов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жедел хатын оқыды.
Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын зор біліктілікпен жүргізе білді. Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсуіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.
Еліміздің 5 облысын басқарған қайраткердің еселі еңбегі мен азаматтық болмысы ұлықталды.