No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

“Қазақтың аспабы емес пе?”: Алматылық әртістер әуежайда шу шығарды

13.06.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
26
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Атырау халықаралық әуежайында Алматыға қайтып бара жатқан театр әртістері шу шығарды , деп хабарлайды Kazbusiness.kz

Олардың сөзінше, әуе компаниясының қызметкерлері алматылық әртістердің ұлттық аспаптарын бортқа алып кіруге рұқсат бермеген, ал гаваи аспабы – төрт ішекті укулелені ұшаққа оңай өткізген.

Әлеуметтік желіде Атырау – Алматы рейсінің жолаушыларының қазақтың ұлттық аспаптарын бортқа өткізуін талап еткен сәтінен бейнежазба тарады.

Жолаушылардың бірінің айтуынша, SCAT әуекомпаниясының өкілі ұшаққа жүктерді тіркеу кезінде укулелені (төрт ішекті гаваи аспабы – ред.) өткізіп, домбыра, қобыз, шертерді бортқа алып кіргуге рұқсат бермеген.

“Атырауда өткен фестивальге келген дәстүрлі “Алатау” театрының әртістеріміз. Алматыдан Атырауға келе жатқанда аспаптарды өткізуге байланысты ешқандай дау туындамап еді, аспаптарды бортқа еш кедергісіз алып кірдік. Ал қайтар уақытта осындай мәселеге тап болдық. Бір әуекомпанияның ережесі әртүрлі болғаны ма сонда? Укулелені өткізіп, қазақтың аспаптарын өткізбегені біздің намысымызға тиді. Қарап тұрсаң укулеле мен шертердің пішінінде айырмашылық жоқ. Біз не осыны түсіндіріп, SCAT әуекомпаниясының қызметкерінен “Неліктен өткізбейсіз?” деп сұраған кезде “Ережені оқыңыз” деп салқын жауап бергені де біздің көңілімізге тиді”, – дейді Атырауға гастрольдік сапармен келген театр әртісі Лаура Мырзахметова.

Алматылық өнер иелері аспаптарын ақырында Атырауда тастап кетуге мәжбүр болған. Өйткені осыған дейін аспаптарын бірнеше рет жүк ретінде тапсырып, ол сынып қалып, ауызы күйгенін айтады.

“Аспаптарды бортқа алып жүру үшін оған бөлек орын алуымыз керек екен. Ол сонда ақша жасаудың амалы ма? Сондықтан басшылықпен сөйлесіп, олар аспаптарды жеткізудің басқа жолын қарайтынын айтты. Менің әріптестерім мұндай жағдаймен жиі кездеседі. Алматы, Астана қалаларында, тіпті шетелде де еш кедергісіз өтсе, Қазақстанның басқа аймақтарында осындай жағдайларға тап болып жатады. Бұл мәселені ел болып көтеру керек деп ойлаймын”, – дейді Лаура Мырзахметова.

Бұл жағдай бойынша портал тілшісіне Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының басшылығы пікір білдірді.

“Әр әуекомпанияның өзінің бекіткен ережелері бар. Сондықтан біз оларға ешқандай талап қоя алмаймыз”, – дейді Атырау халықаралық әуежайының бас директорының орынбасары Жанна Үмбетиярова.

Бұл оқиғаға байланысты SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі де түсініктеме берді.

Компания өкілінің сөзінше, аспаптардың қол жүгі ретінде өту-өтпеуі оның өлшеміне байланысты.

“Аталған жағдай бойынша аспаптарды қол жүгі ретінде тасымалдау мүмкін емес еді, себебі рұқсат етілген 55x40x20 өлшемінен асып кеткен. Арнайы тасымалдау шарттарын талап ететін жүктерді жолаушылардың орнымен тасымалдауға болады. Бірақ мұндай багаждың салмағы 80 кг-нан аспауы керек, ал өлшемдері 30x40x90 параметрлерден аспауы тиіс. Көрсетілген өлшемнен асып кеткен жүкті тасымалдау үшін жолаушы қосымша орындықтың билетін төлеуі тиіс. Оның құны әуежайдағы қызмет көрсету ақысын қоспағанда, тарифтің 100 пайызын құрайды” – деп жауап берді SCAT әуекомпаниясының баспасөз хатшысы Виктория Старожилова.

Айта кетейік, Атырауда Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті режиссер Чапай Зұлқаш атындағы бірінші республикалық режиссерлер мен сценографтардың фестиваль-форумы өтіп, оған жан-жақтан өнер иелері жиналды.

Шарада Алматының “Алатау” театрының әртістері “Айман-Шолпан” қойылымын ұсынып бас жүлдені жеңіп алды.

Еске сала кетсек, осыған дейін мәжіліс депутаты Ринат Зайытов үкімет сағатында әуе компанияларынан ұшақ бортына қазақтың ұлттық аспаптарын алып кіруге рұқсат беруді талап еткен болатын.

Бұл ретте депутат бұл рұқсатты алмаса, Алматы мен Астананың әуежайына кемінде 1 мың домбырашы шақырып, “Адай” күйін ойнатуды ұсынған.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қарасай ауданында “Әкелер мектебі” қарқын алды

19.05.2023

Іле ауданында жылына 10 мың тонна ет өңдейтін құс фабрикасы ашылды

21.10.2022

Бизнес-жоспар: шошқа шаруашылығы

15.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа