Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Ауданның жаңа әкімі болып Айдар Ибраев тағайындалды.
“Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігімен және Бородулиха ауданы мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Ибраев Айдар Маратұлы Бородулиха ауданының әкімі болып тағайындалды”, – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.
Айдар Маратұлы – 1979 жылы 27 мамырда, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақши ауылында туған. Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Дидар газетінің тілшісі қызметінен бастаған. 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Сонымен қатар, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.