Есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған Төреғали Төреәлінің адвокаты әншіні ұстау кезінде полицейлердің қатыгездік танытқанына наразы деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Адвокат Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, тұтқындау кезінде полицейлер өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған.
Желіде әнші ұсталған соң медициналық сараптама бөлмесінде адвокат пен полиция қызметкерлері арасында ауызша кикілжің басталғаны туралы видео тарады.
“Міне, осы жиырма полицейдің барлығы бір адамды ұстауға келді. Ол аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскер сияқты”, – деп ашуланады әншінің адвокаты.
Видеодағы полиция қызметкері қорғаушы тарапқа әншінің есірткіге мас күйінде болғанын, оның өзіне ғана емес, қоғамға да қауіп төндіретінін түсіндіргісі келді.
«Біз заң аясында жұмыс істейміз», – деді полиция қызметкері.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлы дала баласы Алматыда есірткіге мас күйінде көлік тізгіндеп, полицияға ұсталған жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылғанын хабарлаған болатынбыз.