Павлодарда қайын енесін зорлаған 54 жастағы азамат сотталды деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Күдікті тергеу және сот кезінде өз кінәсін мойындамаған. Бірақ жиналған деректер оның енесіне екі зорлығын жасағанын дәлелдеді.
Қылмыстық істің мән-жайы жария етілмеді, ал сот отырысы жабық режимде өткен.
Күтімді қажет ететін зейнеткер қызы және күйеу баласымен бірге тұрған. Тергеу нұсқасына сәйкес ер адам енесінің қарсылық таныта алмайтынын пайдаланып, зорлық көрсеткен.
Судья Айгерім Байсұлтанова күдіктіні 8 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сондай-ақ айыпталушы жәбірленуші енесіне 5 миллион теңге көлемінде моральлық өтемақы төлеуге міндетті.