Астанадағы банктердің бірінің бөлімшесі мен келген халықты қарулы азамат басып алған деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізген.
Хабарлама бұған дейін жексенбі күні әлеуметтік желіде тараған болатын.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаруы бар ер адам Kaspi-дің барлық активтерін мүгедек балалар мен жағдайы нашар отбасыларға аударуды талап еткен.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді. Алайда күдікті бұл әрекет үшін жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені белгілі.
“Бұл факт ҚК 261-бабының 2-бөлігі “Кепілге алу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп немесежеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді”, – деп хабарлады ІІМ.
Бұған дейін ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бір күн бұрын банкте жеті адамды ұстаған ер адаммен жеке сөйлескенін айтқан.
“Біз түсінеміз. Ол әртүрлі талаптар қойды. Туыстарына көмек көрсету туралы айтты. Өзім кіріп, сөйлестім. Ол кепілге алған қызды ұстап тұрды. Тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендер жоқ”, – деді ІІМ басшысы Марат Ахметжанов.
Ведомство басшысының айтуынша, банк ғимаратына шабуыл кезінде көзден жас ағызатын газ қолданылған.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Kaspi баспасөз қызметі мекеме қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпегенін және барлығына барлық қажетті қолдау көрсетілетінін хабарлады.