Әлеуметтік желіде өзін Алматы қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері ретінде таныстырған қызметкер саланың біраз кемшіліктерін жайып салды, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол өрт сөндіру қызметкерлеріне лайықты деңгейде жағдайдың жасалмайтындығын, айлықтарының аз екенін айтып Қасым-Жомарт Кемелұлына үндеу жолдаған.
“Бес жылда бір рет қана мемлекеттен өрт сөндіруге арналған киім берілді. Оның өзі өлшемі тым үлкен. Әрбір қызметкер өз киімін өзі сатып алады. Техника бұзылса да өз қалтамыздан жөндейміз. Жалақымыз 140 мың теңге. Әр қайсысының отбасында төрт-бес баласы бар, кредиті бар, – дейді автор.
№8 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Жолтай Еділ Өмірбаев Арманның осыдан бір ай бұрын қызметінен өз еркімен кеткендігін хабарлаған. Айта кетейік әлеуметтік желіге жарияланған жазба осыдан үш күн бұрын шығыпты.