Ерболат Досаевтың сөзінше, Алматыда соңғы 12 жылда қоғамдық көлік ақысы өзгермеген. Енді биыл күзде жол жүру ақысы өсуі мүмкін, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Қаладағы тариф саясатын өзгерту керек. Бізде 2012 жылдан бері жолаушы тасымалдау тарифі – 80 теңге. 12 жылдан бері өзгермеген. Әлемде автобусқа мінуге, сосын метроға, троллейбусқа және тағы басқасына көшуге болатынын көріп отырмыз. Қазір бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қыркүйекке дейін бітіреміз деп үміттенемін”, – деді қала әкімі.
Сондай-ақғ Ерболат Досаев былтыр қалаға 550 автобус сатып алынғанын, биыл тағы 600 автобус сатып алынатынын айтты. Оған қоса жеке тасымалдаушылар да 540 автобусты қатарға қоспақ.