No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы 30 пайызға өседі

23.06.2023
Жаңалықтар, Әлеумет
67
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы 30 пайызға өседі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев президент Қ.Тоқаев қабылдауында мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Президентке биыл қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагогтардың еңбекақысы 30 пайызға өсетіні туралы баяндалды. Жыл соңына дейін балабақшаларда 81 мың орын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, педагогтарды аттестаттау рәсімі жетілдіріліп жатыр. Енді олардың кәсіби біліктілігі пәнді қаншалықты жақсы білетініне қарай, ал жұмысының нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктері негізінде бағаланады.

Ғани Бейсембаев биыл 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мемлекет басшысына Ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, ал келесі жылы 100 пайызға артады. Кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отыр.

Кездесу соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-ағарту министріне білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне ұдайы көңіл бөлуді тапсырды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысындағы селдің салдарынан 140 отбасы үйсіз қалды

22.07.2023

Депозиттерге арналған 10 пайыздық сыйақы: кімдер және қалай алады?

21.10.2022

АҚШ-та миллиардерлердің 60%-ы паналап отыр

20.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа