Лукашенко Ресей президентінің келісімі бойынша Пригожинмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.
Пригожин Лукашенконың “Вагнердің” Ресей аумағындағы әрекетін тоқтату және шиеленісті ушықтырмау жайындағы ұсынысын қабылдады.
Айта кетейік, “Вагнер” жасағы Мәскеуге 200 шақырым қалғанда тоқтады. Себебі, Пригожин қан төккісі келмейтінін мәлімдеді.
“Қан төгілуі мүмкін, сондықтан әскерімді алып кетемін”, – деп мәлімдеді ол.