Қаржылық мониторинг агенттігі “Өзенмұнайгаз” АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары, қазір “Қаражанбасмұнай” АҚ Бас директорының орынбасары Ермек Қарамырзаевтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Агенттік мәліметінше Қарамырзаев “КЕЗБИ” ЖШС-нің және “Өзенмұнайгаз” АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланған деген күдікке ілінде.
“Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол “КЕЗБИ” ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті”, – делінген ақпаратта.
Қарамырзаев осылайша “КЕЗБИ” ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды деп айыпталды.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті лауазымдық өкiлетін асыра пайдалан деген күдікпен “Өзенмұнайгаз” АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаевты ұстаған еді.