No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Терроризм туралы хабарлағаны үшін сыйақы беріледі

26.06.2023
Жаңалықтар
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық қауіпсіздік комитеті “Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу” қағидаларын бекітті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Құжат жобасына сүйенсек, бұйрық 4 шілдеден күшін енеді. Сыйақы келесі тәртіпте белгіленеді:

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255- бабының бірінші және екінші бөліктерінде қарастырылған терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 айлық есептік көрсеткіш (бұл теңгеге шаққанда 2 587 500 ).

2) ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде қарастырылған терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 1000 АЕК (теңгеге шаққанда 3 450 000).

Ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы қалай беріледі

Егер кінәлі адамға қатысты іс болса онда айыптау үкімі немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 521-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген жағдайда немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленеді.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу бөлімшелері осы Қағидалардың 5-тармағында қарастырылған жағдайлар туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы пайда болғаны туралы талон-хабарлама жолдайды. Егер, қылмыстық іс өндірісін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүргізген жағдайда, талон-хабарламаны жолдауды ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелері жүзеге асырады. Ақпаратты хабарлаған адамның сыйақы алу құқығы пайда болғаны туралы уәкілетті бөлімше де хабардар етіледі.

Ақпаратты хабарлаған адам сыйақы алу үшін ұлттық қауіпсіздік немесе ішкі істер органдарына талон-хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қажетті құжаттарды өткізеді. Сыйақыдан бас тартқан жағдайда, ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік немесе ішкі істер органдарына тиісті өтініш береді.

Сыйақы алу үшін қандай құжаттар керек

1) ақпаратты хабарлаған адамның сыйақы төлеу туралы өтініші;

2) талон-хабарлама түбіртегінің көшірмесі;

3) заңды күшіне енген айыптау үкімінің немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысының болмаса қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі;

4) жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген, ақпаратты хабарлаған адамның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

5) ақпаратты хабарлаған адамның ағымдағы банктік есепшоты көрсетілген екінші деңгейлі банк анықтамасының түпнұсқасы.

Ағымдағы банктік есепшоты болмаған жағдайда, адам өзі кез келген екінші деңгейлі банктен ағымдағы банктік есепшот ашады. Аталған құжаттарды жинақтау ақпаратты хабарлаған адамның оларды берген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Ішкі істер органдары ұсынылған құжаттардың толықтығын және растығын тексерген соң 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдайды. Уәкілетті бөлімше ұсынылған құжаттардың толықтығын және растығын тексерген соң 10 (он) жұмыс күні ішінде ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеу туралы бұйрық жобасын әзірлейді.

Ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеу бір рет ұлттық валютада ҰҚК Төрағасының немесе ҰҚК аумақтық органы бастығының тиісті бұйрығының негізінде жүзеге асырылады және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражаттар болған жағдайда қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері арқылы оның екінші деңгейлі банктегі ағымдағы банктік есепшотына жүргізіледі.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражаттар болмаған жағдайда сыйақы төлеу міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізген соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүргізіледі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда 596 кәсіпкер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған

18.10.2022

Германия президенті Қазақстанға іс-сапармен келді

20.06.2023

Кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель отынын сатқан

05.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа