ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан өңірлерінде 1 шілдеден бастап сұйытылған газдың 1 литрінің бағасы қанша теңгеге өсетінін жариялады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Агенттіктің түсіндіруінше, сұйытылған мұнай-газға көтерме бағаның 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (20 пайызға) артуына байланысты 1 литр газ бағасы 4 теңгеге артса, темір жол тасымалын талап ететін өңірлерде бөлшек сауда бағасына тағы 2 теңге қосылады:
- Астана – 76 теңге;
- Алматы – 81 теңге;
- Шымкент – 64 теңге;
- Ақтөбе облысы – 54 теңге;
- Атырау облысы – 54 теңге;
- Ақмола облысы – 76 теңге;
- Алматы облысы – 81 теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы – 76 теңге;
- Жамбыл облысы – 71 теңге;
- Батыс Қазақстан облысы – 64 теңге;
- Қостанай облысы – 76 теңге;
- Қызылорда облысы – 64 теңге;
- Қарағанды облысы – 76 теңге;
- Маңғыстау облысы – 54 теңге;
- Павлодар облысы – 74 теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
- Түркістан облысы – 64 теңге;
- Абай облысы – 76 теңге;
- Жетісу облысы – 76 теңге;
- Ұлытау облысы – 76 тенге.
“Қазақстанның барлық аумағы бойынша сұйытылған мұнай газының 1 литрі үшін бөлшектеп сату бағасын 4 немесе 6 теңгеге ҚҚС-пен өзгерту ұсынылады”, – делінген түсіндірме жазбада.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 12 шілдеге дейін.