No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қажылық та, ақша да жоқ: “Zamzam Qazaqstan” компаниясы 120 адамды сан соқтырды

27.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness, Әлеумет
413
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматыдан Меккеге үлкен қажылыққа бармақ боп 120 адам ниеттенген. Олар “Zamzam Qazaqstan” компаниясына әрбірі 2 590 000 теңгеден шығарып өткізген. Кеше Мединаға кірейін деп жатқанында Сауд Арабиясының полициясы қамауға алды. Хадж визасының қолдан жасалғаны белгілі болған, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ата-анасын үлкен қажылыққа аттандырған Баян Сейтжан баяндады. Айтуынша, “Zamzam Qazaqstan” компаниясы үлкен қажылық ұйымдастыруды қолға алған. Данияр есімді компания басшысына сенім артып, қаражаттарын өткізген. Әр адамнан 2 млн 590 мың теңгеден. Баян болса әке-шешесіне деп екі турды 5 млн 180 мыңға сатып алған.

“Ата-анам кеше Мединаға кіру керек болған. Алайда құжаттары дұрыс болмай полиция ұстап, қамауға алды. Кеше түнімен допрос жүргізді. Елшілік пен Муфтияттың көмек қолын созуының арқасында бүгін қамаудан шығарды”, – дейді Баян.

Айтуынша, хадж визасының жапсырмасын қолдан жасаған. Қажылыққа ниеттенгендердің барлығы 60-80 жас аралығындағы қарт.

“Кеше білдік, әуежайға да барып біліп жатырмыз, таныстар да хабарласып жатыр. Бронь да жоқ, виза да жоқ, тас та жоқ, ештеңге де жоқ. Даниярдың өзі де жоқ. Ол бұрын “Кәусар” деген компанияны басқарғанын біліп жатырмыз. Ол да осылай алаяқтықпен айналысқан компания” –  деді ол.

Баян Сейтжанның әділдік пен көмек іздеп қақпаған есігі, бармаған жері жоқ. Прокуратура, ішкі істер департаменті, сыртқы істер министрлігіне дейін шағымданған. Бірақ құзырлы органнан еш мардымды жауап ала алмаған.

Қазіргі уақытта 120 адамның тағдыры не болары әлі белгісіз. Елге кері қайтарылады деп Муфтият пен елшілік қызметкерлері тергеуден шығарып алған. Алайда елге аман-есен оралғандарынша қонатын баратын да, қонатын да жері жоқ. Арабша, ағылшынша бір сөз білместен тосып отыр.

Байланысты Материалдар

Ықтимал рельсті біріктіру Беркширдің Хэтишвайға CSX – Барронға өтінім беруі мүмкін

19.07.2025

АҚШ Genius актісінен өтеді, алғашқы ірі ұлттық крипто заңдары – BBC

19.07.2025

Неліктен Ақ үй «Ұлттық сауда орталығында Таж Махал» – ABC жаңалықтары – жаңалықтар, соңғы жаңалықтар мен бейнелер

19.07.2025

Бүгінгі биржалық нарық: DOW 250 балл көтереді;Фокустағы табыс, экономикалық мәліметтер – тірі жаңартулар – Wall Street Journal

19.07.2025

Эксклюзивті |Тынық мұхиты одағы Тынық мұхит операторы одағы Норфолк Оңтүстікке қарай – Уолл-стрит журналы

19.07.2025

Джей Пауэлл Федерацияның 2,5 миллиард долларлық штаб-пәтерін жөндеуден қорғайды – Financial Times

19.07.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында ШОБ саны 15,4 мыңға артты

26.07.2022
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда күн күйіп тұр: сақ болыңыз!

19.07.2023

Foxconn Nvidia және Apple өнімдерін жасайды.Неліктен оның басшылығын кесіп жатыр.- Барронның

15.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа